
Сурет байқауы өтті
Астана ботаникалық бағында «Гүлдену фестивалі» экологиялық акциясы аясында «Гүлдене бер, менің бағым» сурет байқауы өтті.
Қатысушылар үшін ғылыми қызметкерлердің қатысуымен интерактивті сабақ, арт-сессия және ботаникалық бақ оранжереяларына экскурсия ұйымдастырылды. Барлық балаларға, ата-аналарға және қонақтарға қатысқандары, жылы атмосфера мен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс білдіреміз.
Байқау қорытындысы 8 маусым күні Астана ботаникалық бағының Instagram парақшасында жарияланады.
____________________
Провели конкурс рисунков
В Астанинском ботаническом саду прошёл конкурс рисунков «Цвети, мой сад» в рамках экологической акции «Фестиваль цветения».
Для участников были проведены интерактивный урок с научными сотрудниками, арт-сессия и экскурсия по оранжереям ботанического сада. Благодарим всех детей, родителей и гостей за участие, тёплую атмосферу и любовь к природе.
Итоги конкурса будут опубликованы 8 июня на Instagram-странице Астанинского ботанического сада.