
Астана ботаникалық бағы тұқымдарды сақтау бойынша халықаралық сертификатқа ие болды!
Біздің 21 үлгілік тұқым материалымыз (10 тұқымдас, 16 туыс, 21 түр) Корея Республикасындағы Бэкдудэган ғаламдық тұқым сақтау қоймасына ресми түрде тапсырылды.
Baekdudaegan Global Seed Vault – өсімдіктер генетикалық қорын сақтайтын әлемдік деңгейдегі орталықтардың бірі. Біздің үлгілердің осы қоймаға қабылдануы Астана ботаникалық бағы коллекциясының маңыздылығын дәлелдеп, биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады.
Біз өсімдіктердің бірегей түрлерін болашақ ұрпақ үшін сақтау бағытындағы жұмысымызды жалғастыра береміз.
__________________
Есть Международный сертификат по сохранению семян!
Астанинский ботанический сад получил международный сертификат по сохранению семян!
Наш 21 образец семенного материала (10 семейств, 16 родов, 21 вид) официально депонирован в Глобальном хранилище семян Бэкдудэган в Республике Корея.
Хранилище Baekdudaegan Global Seed Vault — один из мировых центров сохранения растительного генофонда. Размещение наших образцов подтверждает важность коллекций Астанинского ботанического сада и усиливает международное сотрудничество в сфере сохранения биоразнообразия.
Мы продолжаем работать над тем, чтобы сохранить уникальные виды растений для будущих поколений.