RU
+7 (707) 705-16-61
Халықаралық семинар

Халықаралық семинар

2026 жылғы 4-8 мамыр аралығында Астана ботаникалық бағы Ботаника және фитоинтродукция институтымен бірлесіп, Орталық Азия биоалуантүрлілігін сақтау желісінің (CABCN) 11-халықаралық семинарына қатысты. Іс-шара Орталық Азия елдері мен Корея арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау мәселелеріне арналды.

Семинар Тәжікстанның Душанбе қаласында өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Корея Республикасынан ботаникалық бақтардың, ғылыми-зерттеу институттарының және табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар халықаралық конференция аясында Қытай, Иран, Ресей және Армения елдерінің ғалымдары баяндама жасады.

Іс-шара барысында Орталық Азия флорасын зерттеу, өсімдіктердің Қызыл тізімін бағалау, сирек және эндемикалық түрлерді сақтау және ботаникалық бақтардың ғылыми зерттеулер мен биоалуантүрлілікті қорғаудағы рөлі талқыланды.

Сондай-ақ қатысушылар халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми тәжірибе алмасу және өңірдің өсімдіктер әлемін сақтауға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.

_______________________

Международный семинар

4 по 8 мая 2026 Астанинский ботанический сад совместно с Институтом ботаники и фитоинтродукции приняли участие в 11-м международном семинаре Сети по сохранению биоразнообразия Центральной Азии (CABCN). Мероприятие было посвящено развитию научного сотрудничества между странами Центральной Азии и Кореей, а также вопросам сохранения биоразнообразия.

Семинар прошёл в городе Душанбе (Таджикистан), в нём приняли участие представители ботанических садов, научно-исследовательских институтов и природоохранных организаций из Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана и Республики Корея. Кроме того, в рамках международной конференции выступили учёные из Китая, Ирана, России и Армении.

В ходе мероприятия обсуждались исследования флоры Центральной Азии, оценка краснокнижных растений, сохранение редких и эндемичных видов, а также роль ботанических садов в научных исследованиях и охране биоразнообразия. Кроме того, участники рассмотрели перспективы развития международного сотрудничества, обмена научным опытом и реализации совместных проектов, направленных на сохранение растительного мира региона.