RU
+7 (707) 705-16-61
День рождения: Астанинскому ботаническому саду -7 лет!

День рождения: Астанинскому ботаническому саду -7 лет!

День рождения: Астанинскому ботаническому саду -7 лет!

Сегодня, 2 июля, Астанинскому ботаническому саду исполнилось 7 лет! ⠀ За эти годы Астанинский ботанический сад утвердился как ведущий научно-исследовательский и природоохранный центр, направленный на сохранение и изучение биоразнообразия, адаптацию интродуцированных видов и развитие экологической науки. ⠀

В структуре Ботанического сада функционируют ключевые научные подразделения:

* Лаборатория дендрологии – занимается изучением древесно-кустарниковых растений, их интродукцией, акклиматизацией и ролью в озеленении.

* Лаборатория биотехнологии – ведёт работы по микроклональному размножению и сохранению редких, исчезающих и ценных видов растений.

* Гербарный фонд – представляет собой систематизированное собрание флоры, важное для мониторинга и научных исследований.

* Лаборатория палеоботаники – исследует ископаемую флору, способствуя изучению истории растительности региона.

* Лаборатория цветочно-декоративных растений открытого грунта – занимается научным сопровождением коллекций на опытных участках и оценкой адаптационных способностей растений в условиях открытого грунта.

* Банк семян — выполняет стратегическую функцию по долговременному хранению семян, обеспечивая сохранение генофонда интродуцированных и редких видов. ⠀

🌼Центральное место занимает Оранжерейный комплекс, в котором собраны уникальные коллекции тропических и суккулентных растений со всех континентов. Он служит как объектом ботанических исследований, так и мощной платформой для экологического просвещения, образовательных программ и экскурсий. ⠀

Сегодня мы выражаем глубокую признательность всем научным сотрудникам за вклад в развитие ботанической науки, сохранение растительного мира и экологическое образование населения. ⠀⠀ Пусть впереди будет ещё больше научных открытий, зелёных инициатив и совместных достижений во благо природы и будущих поколений.



Астана ботаникалық бағының құрылғанына 7 жыл толды!


⠀ Осы жылдар ішінде Астана ботаникалық бақ биоалуантүрлілікті сақтау мен зерттеу, интродукцияланған түрлерді бейімдеу және экологиялық ғылымды дамыту бағытында жетекші ғылыми-зерттеу және табиғат қорғау орталығы ретінде орнықты. ⠀

Бақ құрылымында келесі негізгі ғылыми бөлімшелер жұмыс істейді:

* Дендрология зертханасы – ағаш-бұта өсімдіктерін зерттеу, оларды интродукциялау, жерсіндіру және көгалдандырудағы рөлін зерттейді.

* Биотехнология зертханасы – сирек, жойылып бара жатқан және шаруашылық тұрғыдан маңызды өсімдіктерді микроклоналды көбейту және сақтау жұмыстарын жүргізеді.

* Гербарий қоры – флора үлгілерінің жүйелендірілген жиынтығы болып табылады, ғылыми зерттеулер мен мониторинг үшін аса маңызды.

* Палеоботаника зертханасы – қазба флораны зерттей отырып, өңірдің өсімдіктер жамылғысының тарихи дамуын түсінуге үлес қосады.

* Ашық топырақтағы гүлді-декоративтік өсімдіктер зертханасы – тәжірибелік учаскелердегі коллекцияларды ғылыми сүйемелдеу және өсімдіктердің жергілікті жағдайларға бейімделу мүмкіндігін бағалаумен айналысады.

* Тұқым банкі — интродукцияланған және сирек кездесетін түрлердің генетикалық қорын ұзақ мерзімге сақтау мақсатында стратегиялық қызмет атқарады. ⠀

🌼Бақтың орталық нысандарының бірі – Оранжерея кешені. Мұнда әлемнің барлық континенттерінен әкелінген тропикалық және суккулентті өсімдіктердің бірегей коллекциялары жинақталған. Бұл кешен ботаникалық зерттеулер үшін ғана емес, сонымен қатар экологиялық ағарту, білім беру бағдарламалары мен экскурсиялар үшін маңызды платформа болып табылады. ⠀

Бүгін біз ботаника ғылымының дамуына, өсімдік әлемін сақтауға және халықтың экологиялық білімін арттыруға зор үлес қосып жүрген барлық ғылыми қызметкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Табиғат пен келешек ұрпақ игілігі үшін жаңа ғылыми жаңалықтар, жасыл бастамалар мен ортақ жетістіктер көп болсын!