RU
+7 (771) 410-92-27
Астана ботаникалық бағына 8 жыл!

Астана ботаникалық бағына 8 жыл!

Осы жылдар ішінде Астана ботаникалық бағы биоалуантүрлілікті сақтау мен зерттеуге, интродукцияланған түрлерді бейімдеуге және экологиялық ғылымды дамытуға бағытталған жетекші ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау орталығы ретінде қалыптасты.

🔬 Ботаникалық бақ құрылымында негізгі ғылыми бөлімшелер жұмыс істейді:

* Дендрология зертханасы - ағаш-бұталы өсімдіктерді, олардың интродукциясын, жерсіндірілуін және көгалдандырудағы рөлін зерттеумен айналысады.

* Биотехнология зертханасы - сирек кездесетін, жойылып бара жатқан және құнды өсімдік түрлерін микроклоналды көбейту мен сақтау жұмыстарын жүргізеді.

* Гербарий қоры - мониторинг пен ғылыми зерттеулер үшін маңызды жүйелендірілген флора жинағы.

* Палеоботаника зертханасы - өңір өсімдіктері тарихын зерттеуге ықпал ететін қазба флораны зерттейді.

* Ашық топырақтағы гүлді-сәндік өсімдіктер зертханасы - тәжірибелік учаскелердегі коллекцияларды ғылыми сүйемелдеумен және өсімдіктердің ашық топырақ жағдайына бейімделу қабілетін бағалаумен айналысады.

* Тұқым банкі - интродукцияланған және сирек түрлердің генқорын сақтауды қамтамасыз ете отырып, тұқымдарды ұзақ мерзімге сақтаудың стратегиялық қызметін атқарады.

🌼 Орталық орынды барлық құрлықтардан жиналған тропикалық және суккулентті өсімдіктердің бірегей коллекциялары шоғырланған Оранжерея кешені алады. Ол ботаникалық зерттеулер нысаны ғана емес, сонымен қатар экологиялық ағарту, білім беру бағдарламалары мен экскурсиялар үшін маңызды алаң болып табылады.

🙏 Бүгін біз ботаника ғылымын дамытуға, өсімдіктер әлемін сақтауға және халыққа экологиялық білім беруге қосқан үлесі үшін барлық ғылыми қызметкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз.

💐 Алда табиғат пен болашақ ұрпақ игілігі жолында бұдан да көп ғылыми жаңалықтар, жасыл бастамалар және ортақ жетістіктер болсын!

Астанинскому ботаническому саду исполняется 8 лет!

За эти годы Астанинский ботанический сад утвердился как ведущий научно-исследовательский и природоохранный центр, направленный на сохранение и изучение биоразнообразия, адаптацию интродуцированных видов и развитие экологической науки.

🔬 В структуре Ботанического сада функционируют ключевые научные подразделения:

* Лаборатория дендрологии — занимается изучением древесно-кустарниковых растений, их интродукцией, акклиматизацией и ролью в озеленении.

* Лаборатория биотехнологии — ведёт работы по микроклональному размножению и сохранению редких, исчезающих и ценных видов растений.

* Гербарный фонд — представляет собой систематизированное собрание флоры, важное для мониторинга и научных исследований.

* Лаборатория палеоботаники — исследует ископаемую флору, способствуя изучению истории растительности региона.

* Лаборатория цветочно-декоративных растений открытого грунта — занимается научным сопровождением коллекций на опытных участках и оценкой адаптационных способностей растений в условиях открытого грунта.

* Семянной банк — выполняет стратегическую функцию по долговременному хранению семян, обеспечивая сохранение генофонда интродуцированных и редких видов.

 🌼Центральное место занимает Оранжерейный комплекс, в котором собраны уникальные коллекции тропических и суккулентных растений со всех континентов. Он служит как объектом ботанических исследований, так и мощной платформой для экологического просвещения, образовательных программ и экскурсий.

🙏Сегодня мы выражаем глубокую признательность всем научным сотрудникам за вклад в развитие ботанической науки, сохранение растительного мира и экологическое образование населения.

⠀⠀

💐Пусть впереди будет ещё больше научных открытий, зелёных инициатив и совместных достижений во благо природы и будущих поколений.